1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жұмыстың жүргізілгендігі бойынша анықтама » №16 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рысқұлов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 5-14-69
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-48-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жұмыстың жүргізілгендігі бойынша анықтама
17
июнь
2021

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жұмыстың жүргізілгендігі бойынша анықтама

Т.Рысқұлов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектепте
«Мен өмірдің гүлімін» 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне
арналған жұмыстың жүргізілгендігі бойынша анықтама
2020-2021 оқу жылы[center]



Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Сондықтан да ол халықаралық мейрамдардың бірі саналады. Бұл мерекенің басты мақсаты балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Қазақстанда 1 маусым күні балаларға арналған көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылады. Осыған орай Т.Рысқұлов атындағы №16 орта мектепте 1 маусымда «Мен өмірдің гүлімін» 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жұмыс жоспары құрылып, орындалды. Ең алдымен мектеп басшысы Дуйсенова Алия Талғатқызының барлық оқушылар мен ата-аналар чатына құттықтау сөзі арнайы бейнеролик арқылы таратылды. Сонымен қатар 1-6 сыныптар арасында «Әр бала бақытты отбасында» бейнеролигі түсіріліді. Аталған бейнероликтерде оқушыларымыз отбасылық бақыты, ата-аналарының қасында бар болғандарына қуанатындығы, бақытты балалық шақтарын сипаттаған. Мәнді де сәнді музыка және суреттермен көркемдеген. Оқушыларымыз «Әрқашан күн сөнбесін!», «Мен бақытты баламын» тақырыптарында суреттер салынды. Мектеп алдына 20 шақты балалар келіп, ән айтып, би билеп, есік алдына суреттер салды. Онда ерекше көзге түскен 3Ә сынып оқушысы Өсербай Аяулым, 1 «А» сынып оқушылары, 2 «А» сынып оқушылары.
 




Ел арна, Балапан, Қазақстан сияқты телеарналар арқылы балаларды қорғау күніне арналған бейнероликтер, бұл мерекенің шығу тарихы, мультфильмдер көру ұсынылды. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен. Жасөспірімдер арасында нашақорлар саны өсуде, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуден де кет әрі емес. Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Жоспарға сәйкес бүгінгі күнге дейін жоғарыдағы іс-шаралар орындалды, алдағы уақытта әлі де оқушыларымыздың қашықтықта орындалатын қызықты да әрі пайдалы жұмыстары жасалып, жарияланады. Барлық онлайн түрде орындалған іс-шаралар INSTAGRAM әлеуметтік желісінің @16MEKTEP, FACEBOOK парақшасында жарияланған.