Қамқоршылық Кеңес 2018-2019 оқу жылы » №16 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рысқұлов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 5-14-69
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-48-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
март
2021

Қамқоршылық Кеңес 2018-2019 оқу жылы



Қамқоршылық Кеңес мүшелерінің 2018-2019 оқу жылында жүргізілген жұмыстары бойынша қорытынды
2018 жылдың 10 желтоқсан күні сонымен қатар қамқоршылық кеңес мүшелерімен кезекті жиналыс өткізілді


Жиналыс барысында қамқоршылық мүшелеріне көрсетілген жалпы мектепішілік қыркүйек айында сынып жетекшілері берген әлеуметтік жағдайларына байланысты оқушылар тізімі бойынша жылда өткізілетін Талғар аудандық әкім шыршасына 4 “ә” сыныбы У.Д., 5 “Г” сынып оқушысы А. А., 4 “Б” сынып оқушысы Д. Р. қатыстырылсын деген  ортақ ұсыныс болды,

сонымен қатар жоғарыда аталған балаларға  Қамқорлық кеңес мүшелерінің өздері демеушілік жасап көпбалалы отбасынан шыққан  У. Д жақсы сападағы қыстық куртка және тәтті салынған және Д. Р-ға қыстық аяқ киім , красовки сыйлыққа берілді. Жаңа жылдық сыйлықтар алып сыйлады.


Қамқоршылық кеңес мүшелеріне арнайы жанашырлық танытқаны үшін алғыс білдірілді. Алатау ауылдық округ әкімшілігі А. А-ға кроссовки және спорттық киім сыйлады.


Қамқоршылық кеңес мүшелері бірлесе отырып тек қана қала, ауыл аймақтарлың ғана емес, сонымен қатар ірі мекемелермен келіссөздер жүргізіп демеушілермен жұмыс жасады. Ата айтсақ  Алматы қаласы   ТОО «Лайн Брю» директоры А. Р. Хачатрян және ТОО «VILLA DEI FIORI» директоры А.В.Стерликовалардың демеушілігімен Алатау ауылдық округіне қарасты  №16, №18, №19 орта мектептердің ата-ана қамқорлығынсыз қалған және тұл жетім 11 оқушыға  ерекше демалыс ұйымдастырып  берді. Атап айтсақ Алматы қаласында орналасқан МЕГА ойын-сауық орталығына  кинотеатрға , “Эврикум” химия-шоу музейіне демалысқа апарып, “Бургер Кинг” желісінде тамақтандырып қайтты. Сонымен қатар арнайы алдын-ала берілген сұраныс негізінде барлық керекті киім-кешектермен қамтамасыз етті. Қыстық етік, қыстық куртка, бас киім, қолбақ және тәтті кәмпиттерін сыйлады. Балалар ерекше көңіл  күймен үйлеріне қайтты.



25 желтоқсан күні өзіне қамқорлығына алған көпбалалы отбасы Абдуллаларды жаңа жылдық мерекелерімен құттықтап келген Алматы қаласынан Светлана Юрьевна барлық 6 балаға арнайы сыйлықтар, киім-кешектер кросовки, жемпір, ойыншықтар және азық-түлікпен қамтамасыз етті. Светлана Юрьевнаның бұл қамқорлығы жылдағы дәстүрге айналған.

Қамқоршылық кеңес мүшелеріне сонымен қатар демеушілік көрсетуге қол ұшын созған Республикамыздың ең үздік “AIR Astana” авиакомпаниясының ұшқыштарыда мектебіміздің 15  оқушымызға демеушілік көрсетті. Авиакомпанияның бұл “AIR Astana” ұшқыштар командасын ұйымдастырған  Махиев Нурлан Мухитұлы ерекше белсенділік және жанашырлық танытты. Жоғары сападағы қыстық курткалар мен етіктер және жаңа жылдық тәтті сыйлықтарын мектебіміздің мұқтаж балаларына сыйлап қайтты. Қамқоршылық кеңесс тарапынан алғыс хаттармен мараптталды.



Қамқоршылық кеңес мүшесі Абдықалықов Ынтымақ өзінің жеке атынан мектебіміздің әлеуметтік жағдайларына байланысты 7 оқушыға 1 қой сойып 7 мүшеге бөліп таратты, сонымен қатар А. А-ға шаңғы костюмын, У.Д-ға қыстық етік, Т.Е-ға қыстық куртқа, Р. Д-ке мектеп формасын сыйға тартты.

10.01.-10.02.2019 жыл аралығында «Қамқорлық » айлығы аясында жоспар құрылды. Осыған орай  қамқоршылық кеңес мүшесі Абдыхалықов Ынтымақ  шаңғы спорт түрі бойынша оқушыларымыздың да арасында әлеуметтік жағдайына байланысты оқушылар бар, дегенмен де бөліп жармай аталған барлық спортшыларымызға жылы лебізін білдіре отырып 25 дана көлемінде бас киімдер сыйлады.

10 сәуір  2019 жылы қамқоршылық кеңестің кезекті төртінші отырысы болып өтті. Мектеп басшысы  Дуйсенова Алия Талғатқызы білім алушыларымыздың жаңа 2019-2020 оқу жылында оқушыларымыздың біріңғай мектеп формасына ауысу туралы айтып өтті. Мектеп ооқушыларының біріңғай мектеп формасына ауысу туралы ҚК төрайымы және мүшелері қоладайтындығын айта отырып, осыған байланысты «Сымбат» фабрикасының ұсынған бірнеше мектеп формаларының сапасы мен түр-түсін таңдауды ата-аналар тарапынан өз ойларымен бөлуді қажет ететіндігіне айтып өтті. ҚК төрайымы С.Калтаева  мектебімізде 2-11 сынып оқушылары арасында мамыр айында «Қамқорлық » атты жәрмеңке ұйымдастыруды ұсынды. Бұл жәрмеңке мақсатын оқушыларға және ата-аналарға нақты, дұрыс анықтама беру арқылы, оқушыларымыздың өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, үйден пісірілген заттарын жәрмеңкеге шығарып сату керек екендігін айтты. Бұл іс-шара ата-аналардың мектеппен тығыз байланыста болатындығы , ынтымақтастық құрылатындығы тағы айтылып өтілді. Жиналған қаражатты мектепбіміздің әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларымызға материалдық көмекке берілетінгін айтты. Барлық ҚК мүшелері бірауыздан қолдады.

-14.06.2019 жыл аралығында Талғар аудандық кәмілет жасқа толмаған жасөспірімдер бөлімінің майоры А.Капасовнаның ұсыныс хатының негізінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан Т. О және Т. И «Марал-Сай» демалыс орнында 10 күн демалып қайтты. Бұл оқушыларды қажетті киім- кешекпен Қамқоршылық кеңес мүшесі Ынтымақ Абдыхалықов қамтамасыз етті, сонымен қатар жәрмеңкеден түскен қаражаттан 10 000 теңгеге аталған оқушыларға қосымша жаздық киімдер алынды.

12-22.06.2019 жыл аралығында әлеуметтік жағдайларына байланысты 5 оқушы «Сәлем» демалыс орнына барып демалып қайтты. Олар көпбалалы отбасынан Сағатбек Алтынай, Нұрқанат Ұлби, Рсалы Әділ, жартылай жетім отбасынан Шынтаева Алуа және толық жетім Асылханова Аружан.