16 Мектеп Директоры Дүйсенова Алия Талғатқызының құттықтауы » №16 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рысқұлов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72774) 5-14-69
Бухгалтерия
+7(72774) 3-48-62
Версия для
слабовидящих
» » 16 Мектеп Директоры Дүйсенова Алия Талғатқызының құттықтауы
01
сентябрь
2020

16 Мектеп Директоры Дүйсенова Алия Талғатқызының құттықтауы

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар
Халық пен халықты, ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім деп Мұқтар Әуезов атамыз айтқандай, біздерді биікке жетелейтін, даму мен гүлденуге жеткізетін күш ол - білім екені баршамызға аян. Сондықтан, отанымыздың гүлденуі мен ұлтымыздың дамуында ұлт ұстаздарының алатын орны, қосатын үлесі айырықша болмақ. Құрметті ұстаздар, мен сіздердің өз міндеттеріңізді аса бір жауапкершілікпен мұқият орындайды деп сенемін.
Елдегі індет жағыдайын мектеп, ата-аналар және қоғам болып өзара селбесіп, өзара түсіністікпен сәйкесе отырып, сәтті жеңеміз деп ойлаймын.
Құрметті білім іздеген білікті оқушылар, сіздер әр күндеріңізді алтындай бағалап, қымбатты уақыттарыңызды білім алу мен өздеріңізді кемелдендіруге жұмсайды деп күтемін.
Сіздерді 1 қыркүйек білім күнімен арнайы құттықтаймын.
Еліміздің ертеңі нұрлы, болашағымыз жарқын болғай.
Құрметпен: Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұрар Рысқұлов атындағы №16 мектеп директоры
Дүйсенова Алия Талғатқызы

 
Ұлағатты ұстаздарға ән шашу
 
https://www.youtube.com/watch?v=r7qK-5aBjn0​​​
 
https://www.youtube.com/watch?v=Ur3fC2-CCCQ​​​