​Т.Рысқұлов атындағы №16 орта мектептің оқушыларының атынан мұғалімдеріне құттықтау! » №16 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рысқұлов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 5-14-69
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-48-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ​Т.Рысқұлов атындағы №16 орта мектептің оқушыларының атынан мұғалімдеріне құттықтау!
06
октябрь
2023

​Т.Рысқұлов атындағы №16 орта мектептің оқушыларының атынан мұғалімдеріне құттықтау!

​Т.Рысқұлов атындағы №16 орта мектептің оқушыларының атынан мұғалімдеріне құттықтау!
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Алты алаштың басы қосылса төр Ұстаздыкі демекші аяулы ұстаздарымызға мың алғыс! #өзінөзібасқару@talgar_audany_edu 

https://www.instagram.com/reel/CyGY4o-t36P/?igshid=MXAydjZxZW0yZTk5dg==​​​