"Зерде" кіші ғылыми жобалар сайысы » №16 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рысқұлов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72774) 5-14-69
Бухгалтерия
+7(72774) 3-48-62
Версия для
слабовидящих
» » » "Зерде" кіші ғылыми жобалар сайысы
09
октябрь
2023

"Зерде" кіші ғылыми жобалар сайысы

09.10.2023 күні «Зерде» республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі өтілді. Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. 

Конкурстың негізгі міндеттері: 

  • зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету; 
  • оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру;
  • қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару. 

Аталған конкурс 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларын қорғауға арналған. Мектепішілік конкурсқа секциялар бойынша 4 оқушы қатысты. 1 бастауыш сынып, 3 оқушы 7 сынып оқушылары. 

Оқушылардың өзін-өзі ұстауы, жоба тақырыбының өзектілігі, оқушылардың практикалық жұмысы мен күнделіктерінің жүргізуін тексере отырып, әділ-қазы алқалары шешім шығарды. Зерде мектепішілік конкурсының нәтижесі бойынша аудандық кезеңіне Сұраубаева Ләйлә, Жарқынқызы Нұрдана және Сәрсенбек Несібелі жіберілді.  Жетекшілері: Абенова Алмагул, Еспенбетов Қайнар, Мұқамия Саят.