тәрбие саласы бойынша қашықтықтан оқыту жұмыстарының анықтамасы » №16 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рысқұлов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72774) 5-14-69
Бухгалтерия
+7(72774) 3-48-62
Версия для
слабовидящих
» » » тәрбие саласы бойынша қашықтықтан оқыту жұмыстарының анықтамасы
18
апрель
2020

тәрбие саласы бойынша қашықтықтан оқыту жұмыстарының анықтамасы

Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін №16 орта мектептің
 тәрбие саласы бойынша қашықтықтан оқыту жұмыстарының анықтамасы
 
Қазақстан Республикасында орнатылған төтенше жағдайларға байланысты 2020 жылдың 6 сәуірі күнінен бастап елімізде қашықтықтан оқыту жүйесі орнатылды. Осы жағдайға байланысты Т.Рысқұлов атындағы №16 орта мектепте тәрбие саласы бойынша онлайн қашықтықтан оқыту жұмыс жоспары құрылды.
Мақсаты: Төтенше жағдай кездегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі.
2020 жылдың 3 сәуір күні мектепалды даярлық тобы мен 1-11 сынып оқушылары арасында  «Мен қашықтықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» тақырыптарында қашықтықтан сынып сағаттары өткізілді. Мектеп бойынша 658 оқушы бар, оның ішіндегі 537 оқушы онлайн ZOOM платформасы және  WhatsApp желісі арқылы ақпараттар берілді. Сынып жетекшілер презентациялар, видеороликтерді қолдана отырып өткізді. Сонымен қатар 6г, 9в, 3в сыныпитары тақырыпқа сәйкес жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қысқаша эссе жаздырды. «Мен қашықтықтан қалай оқимын?» тақырыбы бойынша ата-аналар жиалысында айтылды, сомен қоса оқушылар назарына бұл ақпарат қосымша тағы да берілді, яғни  министр А.Аймағамбетовтың хабарлауынша, қазір Білім және ғылым министрлігі 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр:
№1. Теледидар арқылы сабақ жүргізу
"Балапан" және "Еларна" арналарында күн сайын кесте бойынша сабақтар беріліп отырады. №2. "Қазақ радиосында" да күн сайын кесте бойынша сабақтар жүргізіледі.
№3. Пошта қызметі арқылы шағын елдімекендердегі оқушыларға білім беру (Волонтерлы) Қазақстанда мектебі жоқ 1200 елдімекен бар. Бұған дейін осы жердегі оқушылар күн сайын басқа ауылдарға барып, білім алатын. Енді осы оқушылардың білім алу процесі пошта қызметі арқылы жүзеге асырылады.
№4. Интернет жүйесі арқылы білім беру
       Ең бастысы оқушшыларымыздың денсаулығы өмір қауіпсіздігі, сондықтанда бүгінгі күні болып жатқан жағдайларға байланысты үйде қалып, ешқайда шықпауларын тағы да ескертті. Бастауыш сынып мұғалімдері гигиена бойынша отбасылық видеороликтер түсіру сияқты тапсырмалар берілген. Оқушыларымыз ата-аналарымен бірлескен жұмыстарын әлеуметтік желілерде жариялауда. 
Қорытынды: Сынып сағаттарын өткізу кезіндегі негізгі кемшіліктер Орман, Береке, Бесағаш  елді мекендерінде  тұратын оқушыларымыздың интернет желісінің болмауы,  болған жағдайда да өте әлсіз болуы
  
 
Бүгінгі таңда еліміздегі төтенше жағдайларды ескере отырып жан-жақты белсенді жұмыс атқаруда.  «№16 ОМ ата-ана комитеттері» WhatsApp арқылы чаты  үнемі белсенділік танытып, ата-аналармен тығыз байланыста. Құрамында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, қамқоршылық кеңес төрағасы және әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары мен хатшылары қосылды. Мектеп басшысы  Дуйсенова Алия Талғатқызы үнемі ата-аналар назарына карантин кезіндегі барлық сақтақ шараларын сақтауды, оқушыларымыздың үйден шықпай сабаққа белсенді қатысуларын сұрады. Қандай да бір көмек қажет болған жағдайда тікелей сынып жетекшісіне немесе мектеп әкімшілігіне жүгінуді тағы да айтты. Талғар аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің нұсқаулықтары мен ескертулеріне де тоқталып өтті. Ата-аналарымыз кері байланыс беріп , осы жағдайда беріп жатқан жан-жақты көмектері үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар оқушылар арасында саниатрлық гигиеналық нормаларды карантин кезінде орындап жатқандарын арнайы бейнероликтер түсіруде челленджді алғашқылардың бірі болып 9 «А» сынып оқушылары жетекшісі Абенова А.бастады, оған қоса оқушыларымыз мектепке, ұстаздарына деген сағыныштарын бейнероликтер арқылы жеткізуде, тіпті ата-аналарымызда назардан тыс қалмай алғыстарын онлайн арқылы жіберуде. Мектебімізде шаңғы үйірмесі ерекше белсенділік танытуда. Үйірме жетекшісі Баяхметов Нұржан Шарипханович өзінің шаңғышы оқушылары арасында онлайн түрде жаттығуларын өтуде, «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Бейсембаева Зауреш 7-сынып оқушыларымен бос уақыттарында тәтті бәліш пісіруде онлайн түрде үйретуде. Жоспарға сәйкес отбасылық қарым-қатынастарды арттыру мақсатында «Өнерлі отбасы» онлайн отбасылық жарысиары өткізілді, аталған сайыста 1 «А» сынып оқушысы Тілеш Алтынайдың отбасы алға шығып, қазақтың бесігі қалай жасалып, оған нәрестені қалай жатқызатынығын сипаттап беріп бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар өзін-өзі басқару ұйымының ақ халатты абзал жандарға арналған «Біз біргеміз,алғыс білдіреміз»  бейнероликтерін жариялады. «Тазалық-саулық негізі» тақырыбында оқушылардың домжағдайындағы жасалынып жатқан дезинфектиялық жұмыстары туралы бейнероликтер ішінде ерекше көзге түскен 5 «А» сыныбы жетекшісі Ербулатова Д., 1 «А» сынып оқушылары Нурсейтова А. белсенділік танытты.  WWW.Orleu.Kz порталында «Біз Біргемі, Біз Үйдеміз» онлайн енбектерін жариялағаны үшін ДТІЖО Сайырова Зауре Байгалиевнаға, педагог-ұйымдастырушы Калтаева Айсулу Аскарбекқызына сертификаттар тапсырылды.
 
Көктемнің жайдарлы кезінде болып жатқан жағдайларға қарамастан жоспарымызға сәйкес «Көңілді көктем» онлайн сурет байқауы 1-10 сыныптар арасында өтілді, үздік шыққан суреттер оқушылар шығармашылық үйіне жіберілді.

 
Жоспарға сәйкес бүгінгі күнге дейін жоғарыдағы іс-шаралар орындалды, алдағы уақытта әлі де оқушыларымыздың қашықтықта орындалатын қызықты да әрі пайдалы жұмыстары жасалып, жарияланады. Барлық онлайн түрде орындалған іс-шаралар INSTAGRAM әлеуметтік желісінің  16MEKTEP парақшасында жарияланған.
 
 
ДТІЖО:               З.Сайырова