«Бірлік пен келісім» тақырыбы бойынша онлайн сабақ » №16 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рысқұлов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72774) 5-14-69
Бухгалтерия
+7(72774) 3-48-62
Версия для
слабовидящих
» » » «Бірлік пен келісім» тақырыбы бойынша онлайн сабақ
26
март
2021

«Бірлік пен келісім» тақырыбы бойынша онлайн сабақ

Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін №16 орта мектепте
«Бірлік пен келісім» тақырыбы бойынша онлайн сабақ өткізілген жұмыс туралы анықтама
2020 жылдың 29 сәуірі күні «Бірлік пен келісім» тақырыбы бойынша онлайн сабақ өткізілді. 
 Тәрбие сағаттың мақсаты:  Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, ел бірлігінің құндылығын, әр адамның отбасы мен жақындарының амандығын, жауапкершілікті ұғынуға ықпал ету.
«Ел тыныштығы – өз тыныштығым» деп ойлаудың нәтижесінде терең мән бар. Қазіргі елімізде ғана емес бүкіл әлемде болып жатқан індетке қарамастан ел арасында ауызбіршілік сақталуда, бір үйдің баласындай болып жан-жақтан бір-бірлеріне демеу көрсетуде. Осы орайда  мектеп оқушылары арасында да көптеген онлайн арқылы әңгіме, түсіндірмелер, тәрбие сағаттары  жүргізіліп келеді.
1-11 сынып оқушылары арасында аталған тақырып бойынша онлайн тәрбие сағаттар WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы оқушылармен сынып жетекшінің шеберлігіне қарай өткізілді, сонымен қатар барлық онлайн түрде орындалған сабақтар  INSTAGRAM әлеуметтік желісінің  16MEKTEP парақшасында жарияланған. Оқушылар тарапынан кері байланыс алынды. 10 «А» сыныбы жас ерекшеліктеріне қарай кластер сызып бірлік пен келісім туралы өз ойларын салды, 9 «А» сынып оқушылары слайдпен жұмыс жасап ұлтшылдық ол жақсылыққа әкелмейтіндігін айта отырып мысалдар келтірді, ол қандай қиындықтар туғызатындығын айтты. сонымен қатар 6 «Б» сыныптарындағы бірнеше ұлттар оқитын оқушыларымыз өз тілдерінде құттықтау тілектерін білдірді.
  
Сонымен қатар ютуб әлеуметтік желісі арқылы мәнді, достыққа татулыққа байлитын бейнероликтер және шет елдердің, еліміздің фильмдерін  оқушылар назарына ұсынынды.
  
 
Бұндай іс-шараларды тек аталған мереке күні ғана ескермей, үнемі оқушыларымыздың ой-саналарына дәріптеуден шет қалмаймыз. Тұрақтылық сақталған елге қашан да бақ қонады. Біздің тәуелсіздігіміздің қазығы да осы ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқандығы. Әлбетте, бұл ең алдымен , Елбасымыздың үлкен жеңістерінің бірі. Ендігі міндет – осынау баға жетпес байлығымызды , құнды қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, ұлтаралық татулықты дамыту. Бұл – бүкіл қоғамның алдында тұрған абыройлы міндет. Қазақстанда қалыптасқан достықты, татулықты, құстың ұясындай жанға жайлы жылылықты сақтау, қастерлеу біздің әрқайсымыздың азаматтық парызымыз деп білеміз!
 
ДТІЖО:               З.Б.Сайырова