Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа басшысын ұсынды. » №16 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Т.Рысқұлов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 5-14-69
Есепші бөлімі:
+7(72774) 3-48-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа басшысын ұсынды.
18
март
2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа басшысын ұсынды.

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысына қатысып, Үкіметтің жаңа басшысын ұсынды. Президент Жаңадан жасақталатын Үкіметке бүгінгідей қиын кезеңде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тізімін ұсынуды тапсырды.
Мемлекет басшысы баяндамасында қазақстандықтардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді. Әсіресе білім саласында жүрген біздер үшін де үлкен парыз жүктелді. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр.
Еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін президентіміз ерекше атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, шет аймақтарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берді. Бұл дегеніміз, бір жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарына зор міндет жүктесе, екінші жағынан бәсекелестікті арттырып, сол арқылы сапалы маман даярлауға жол ашады деген сенімдеміз. Сондықта да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инетллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз деген сенімдемін.
Ең бастысы – ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын!